Компания сіздің жеке ақпаратыңызды қорғау міндетін өз мойнына алады.
Осы Құпиялылық саясатынан біздің қызметтерді пайдаланғаныңыз кезде Компанияның қандай ақпарат жинайтындығы, аталмыш ақпараттың не себептен жиналатындығы және оның қалай қолданылатындығы туралы біле аласыз. Бұл құпиялылық саясаттың сіз бен Snodunes B.V. (қажет болған жағдайда бұдан әрі «Біз», «Бізді» немесе «Біздің») арасында келісілетіндгіне назар аударыңыз.
Біз осы Құпиялылық саясатына белгілі бір уақыт аралығында өзгерістер енгізіп тұруымыз мүмкін және сіздреді бұл өзгерістер туралы ресурстарымызда сәйкес ақпарат жариялау арқылы хабардар етеміз.
Біз сіздерге осы Құпиялылық саясатын ұдайы түрде қайта қарап отыруға кеңес береміз.
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕРДІ ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
жеке мәліметтер субъектісінің құқықтары
Сіздің жеке мәліметтеріңіз сіздің берген айқын мақұлдауыңыздан кейін ғана Snowdunes B.V.-та өңделеді. Бұл мақұлдауыңыз сіздің жеке мәліметтеріңізді өңдеуге берген келісіміңіздің еркін берілген, нақты және тиянақты жасалған келісім екендігін анықтап растайды (бұдан әрі «Келісім»).
Сіз еркін, өз қалауыңыз бен мүддеңізді көздей отырып, тиянақты, барлық ақпаратты түсіне отырып әрі саналы түрде берген келісім.
Сіздің жеке мәліметтерді өңдеуге берген келісіміңіз сіз немесе сіздің өкіліңіз арқылы келісімнің берілгендігін растауды мүмкін ететін кез келген формада берілуі мүмкін, атап айтсақ,
- ЖАЗБАША ФОРМАДА
Бұл жағдайда Келісім келесідей ақпаратты қамтуы қажет:
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке мәліметтер субъектісінің мекенжайы, жеке басын анықтайтын негізгі құжаттың нөмірі, аталмыш құжаттың берілген күні мен берген мекеме туралы ақпарат; немесе өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке мәліметтер субъектісінің өкілінің мекенжайы, оның жеке басын анықтайтын құжаттың нөмірі, аталмыш құжаттың берілген күні мен берген мекеме туралы ақпарат, нотариалдық сенімхаттың немесе осы өкілдің өкілеттігін растайтын басқа құжаттың деректемелері (жеке мәліметтер субъектісі өкілінің рұқсатымен);
Жеке мәліметтер субъектісінің келісіміг алушы Snowdunes B.V.-ң пошта мекенжайы;
Жеке мәліметтерді өңдеу мақсаттары;
Жеке мәліметтер субъектісі өңдеуге келісім берген жеке мәліметтердің тізімі;
Егер өңдеу жұмыстарын жүргізу құқығы қандай да бір тұлғаға берілген болса, Snowdunes B.V. тапсырысымен өңдеу жұмыстары жүктелген тұлғаның аты мен мекенжайы;
Келісім берілген жеке мәліметтермен жасалатын өңдеу әрекеттерінің тізімі, жеке мәліметтерді өңдеу тәсілдерінің жалпы сипаттамасы;
Жеке мәліметтер субъектісі келісімінің жарамдылық мерзімі, сонымен қатар келісімнен бас тарту әдісі;
Жеке мәліметтер субъектісінің қолы
Жеке мәліметтер субъектісінің Snowdunes B.V.-пен құқықтық қатынастар орнату ниетін білдіретін БАҒДАРЛЫ ӘРЕКЕТТЕРІ. Бұл жағдайда келісім жазбаша немесе ауызша формада емес, жеке мәліметтер субъектісінің жасаған іс-әрекеттер арқылы беріледі (мысалы, Компанияның ережелеріне сәйкес, Қызметке тіркелу кезінде берілген жеке шот арқылы құмар ойындарына қатысу үшін қойылған талаптарды орындау болып табылатын әрекеттер: Қызметке тіркелу, қаржы транзакцияларын жүзеге асыру, өзінің жеке шоты арқылы тігулерін тіркеу және ұтыстарын алу, құмар ойындарын ұйымдастырушысы бекіткен ережелерге бағыну және т.б.).
Жеке мәліметтер сіздің Келісіміңізсіз өңделетін жағдайлар:
Жеке мәліметтерді өңдеу Халықаралық келісімдермен немесе жергілікті хұкіметтің заңдарымен қарастырылған мақсаттарды көздеу барысында, заң бойынша жүктелген функцияларды, өкілеттілік пен міндеттерді орындауға және жүзеге асыруға қажет болған жағдайда;
Жеке мәліметтерді өңдеу әділеттілік орнатуға, сот үкімін, жергілікті заңнама бойынша орындауға міндетті өзге орган немесе тұлғаның актісін жүзеге асыруға қажет болған жағдайда;
Жеке мәліметтерді өңдеу сіздің өміріңіз бен денсаулығыңызды, немесе басқа да өмірлік маңызы бар мүдделеріңізді қорғау үшін қажет болған жағдайда;
Жеке мәліметтерді өңдеу Компанияның немесе үшінші тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау, немесе сіздің жеке мәліметтеріңіздің құқығы мен еркіндігіне нұқсан келмейді деген шартпен, қоғамдық маңызы бар мақсаттарға жету үшін қажет болған жағдайда;
Жеке мәліметтер маркетингтік мақсатта өңделген жағдайды ескермегенде, пайдаланушының жеке басы құпия қалады деген шартпен, статистикалық немесе өзге зерттеу мақсаттарында өңделген жағдайда;
Сіз жаппай қолжетімділік берілген жеке мәліметтер өңделген жағдайда;
Жергілікті хұкімет заңдарына сәйкес ашып көрсетілуі тиіс немесе жариялануы міндетті болып саналатын жеке мәліметтердің өңделуі.
ПЖеке мәліметтерді өңдеу келісімін жою, сіздің жеке мәліметтеріңіздің Snowdunes B.V.-та бар болуы жайлы ақпаратты алу, сіздің Snowdunes B.V.-тағы жеке мәліметтеріңізді сұратым бойынша нақтылау, бұғаттау және жою тәртібі «Жеке мәліметтерді қорғау жөніндегі жалпы ережелермен» (General Data Protection Regulation, GDPR) реттелген және толық көлемде жүзеге асырылады.
АҚПАРАТ ЖИНАУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ
Біз тұлғаның жеке басын анықтау мақсатында қолданылуы мүмкін ақпаратты, соның ішінде аты мен тегі, туған күні, кредиттік картасы туралы мағлұматты, тұрғылықты немесе өзге физикалық мекенжайы, электронды пошта мекенжайы, телефон нөмірі немесе басқа сәйкес Дербес (Жеке) ақпаратты (бұдан әрі «ақпарат») жинақтап өңдейміз.
Біздің Сервисті немесе қызметті пайдаланған кезде, немесе аккаунтты тіркеу жағдайында сізден жеке ақпарат талап етілуі мүмкін.
Біз жинақтайтын жеке ақпарат келесілерді қамтуы мүмкін:
Байланыс ақпараты (соның ішінде телефон нөмірі, электронды пошта мекенжайы),
Тұрғылықты мекенжайы туралы ақпарат (пошта мекенжайы),
Төлемдер туралы ақпарат,
Транзакциялар тарихы,
Сервисті пайдалану кезіндегі қалауларыңыз,
Қызмет түрлері жайлы пікіріңіз.
Біз бұл ақпаратты сіздің еліңіздің заңнамалық талаптарына сәйкес өз серверлерімізде жинақтаймыз, сақтаймыз және өңдейміз.
Сіз біздің қызметті пайдаланған кезде, біздің серверлеріміз белгілі бір әкімшілік ақпаратты және трафик туралы мағлұматты жинақтайтын сіздің дербес белсенділік журналыңызды сақтап алады, бұл мағлұматтар келесілерді қамтиды:
бастапқы IP-мекенжайы,
кіру уақыты,
кіру күні,
кірілген веб-беттер,
пайдаланылған тіл,
бағдарламалық қамтамасыз етудің ақаулары туралы есеп,
пайдаланылған браузер түрі.
Бұл ақпарат жоғары сапалы қызметпен қамтамасыз ету үшін қажет.
Біз сіздің берген келісіміңізсіз сіз туралы жек ақпаратты ешқашан жинамаймыз.
МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖИНАҚТАУ МЕН ӨҢДЕУ ЖОЛДАРЫ
Біз, жоғарыда айтылғандай, белгілі бір мәліметтерді жинақтап, сізден Дербес (жеке) ақпаратты автоматты түрде ала аламыз. Бұл жеке ақпарат сіздің келісіміңізбен біздің Сервистегі қызмет түрлері, хабарламалар мен өзара байланыс арқылы алынады.
Біз жеке ақпаратты онлайн-сатушылардан, қызметпен қаматамасыз етушілерден, сонымен қатар бөгде қамтамасыз етушілерден заңды түрде алынған клиенттер тізімінен ала аламыз. Бұдан бөлек, онлайн-транзакцияларға техникалық қолдау көрсету мен аккаунт жүргізу мақсатында, біз бөгде қамтамасыз етушілердің қызметіне жүгіне аламыз.
Біздің сіз осындай қамтамасыз етушілер мен электронды коммерцияның бөгде қызметтеріне берген кез келген жеке ақпаратқа деген қолжетіміділігіміз болады, және біз бұл ақпаратты осы Құпиялылық саясатта көрсетілген шарттар бойынша пайдаланымз.
Бұл ақпарат компаниядан тыс үшінші тұлғаларға тек осы Құпиялылық саясаты мен сіздің еліңіздің заңнамасына сәйкес қана қолжетімді бола алады.
АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАНЫС
Біз сіз қамтамасыз еткен жеке ақпаратты қызмет көрсету, сіздерге клиент ретінде қолдау көрсету, қауіпсіздікпен қамтамасыз ету, жеке басыңызды анықтау мен тексерулер, кез келген онлайн-транзакцияларды жүзеге асыру, белгілі бір бизнес-талаптарға сай келетін өзге жарнамалық науқандарға қатысудағы көмек, және біздің қызмет Сервистерінің жұмысымен байланысты басқа да мақсаттарда қолданамыз. Осылайша, қызмет көрсету кезінде біз сіздің жеке ақпаратыңызбен өзіміз мұқият қарап таңдаған серіктестерімізбен бөлісе аламыз (сіздің мәліметтеріңізді ортақ пайдалану жөніндегі келісім бар барлық өзге тараптарды қоса алғанда).
Сіздің жеке ақпаратыңыз бұдан бөлек келесі мақсаттарда қолданылуы мүмкін:
Жарнамалық ұсыныстар, біздің өнімдер мен қызмет түрлері туралы ақпарат жіберу;
Сіздерге ұсынылатын Сервистердің ауқымын кеңейту және біздің клиенттерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мақсатында, біздің серіктестеріміздің жарнамалық ұсыныстарын, өнімедрі мен қызмет түрлері туралы ақпарат жіберу.
Время от времени мы можем запрашивать у вас информацию через опросы или конкурсы. Участие в этих опросах или конкурсах является полностью добровольным, и у вас всегда есть выбор: раскрыть или нет свою персональную информацию.
Запрошенная информация может включать контактную информацию (например, имя, адрес доставки корреспонденции, номер телефона) и географическую информацию (например, почтовый индекс или почтовый адрес), возраст.
Біз сіздерден кей кездері конкурстар мен сауалнамалар жүргізген кезде, аталмыш іс-шараларға ат салысу үшін ақпарат талап етуіміз мүмкін. Аталмыш конкурстар мен сауалнамаларға қатысу толықтай ерікті түрде жүзеге асырылады, және жеке ақпаратыңызбен бөлісу не бөліспеу шешімін тек сіз өзіңіз қабылдайсыз. Сұралған ақпарат байланыс (мысалы аты, хат-хабар жіберілетін мекенжай, телефон нөмірі) және географиялық (мысалы пошта индексі немесе пошта мекенжайы) ақпаратты, тұлғаның жасы туралы мәліметті қамтуы мүмкін.
Кез келген конкурсқа қатыса отырып немесе бізден ұтыс ала отырып, сіз Компанияның заңға қайшы келетін жағдайларды ескермеген жағдайда, сіздің атыңызды жарнамалық мақсатта ешқандай өтемақысыз пайдалана алатынымен келісесіз.
Егер сіз Компаниядан жарнамалық ақпаратты қабылдап тұру не тұрмау туралы біржолата шешім қабылдамаған болсаңыз, біз сіздің жеке ақпаратыңызды (электронды пошта мен телефон нөмірін қоса алғанда) біздің, сонымен қатар мұқият іріктеуден өткен үшінші тұлғалардың ойын өнімдері, қызметттері (онлайн-покер, казино, тігулер, нарды және т.б.) мен жарнамалық науқандары туралы ақпаратты жіберіп тұру үшін пайдалана аламыз.
АҚПАРАТПЕН БӨЛІСУ (АШУ)
Біз сіздің ақпаратыңызбен Компанияға қатысы жоқ өзге компаниялармен, ұйымдармен және жеке тұлғалармен бөліспейміз.
Біз сіз туралы ақпаратты Компанияға қатысы жоқ ұйымдар мен компанияларға, жеке тұлғаларға тек сіздің рұқсатыңыз бен келісіміңіз бар болған жағдайда ғана бере аламыз.
Сіздің еліңіздің заңнамасы талап еткен жағдайда, сіздің қандай да бір жолмен бізді немесе басқа пайдаланушыны алдағаныңыз немесе алдау ниетіңіз (ойындармен айла-шарғы жасау, төлемдердегі алаяқтаық және т.б.) белгілі болған жағдайда, және сіздің ақпаратыңызбен бөлісу келесі мақсаттарда қажет болған жағдайда, біз сіздің ақпаратпен бөлісе аламыз:
Біз заң міндеттерімен байланған кез келген жағдайда, біздің кез келген сайтымызда, немесе біздің кез келген қызметімізде, сонымен қатар біздің қатысымыз бар кез келген заңнамалық мәселе мен үдеріске бағыну;
Біздің құқығымыз бен меншігімізді қорғау;
Қоғам мен біздің пайдаланушыларымызды қорғау.
Егер ұрланған кредиттік картаны пайдалану немесе кез келген басқа алаяқтық әрекеттері, соның ішінде төлемді кері қайтару не болдырмау, ақшаның жылыстауы секілді тыйым салынған транзакциялар секілді төлем мәселесіне қатысты алаяқтыққа бой алдырды деген күдікке дәлелді негіз болса, біз аталмыш ақпаратты сіздің жеке ақпаратыңызбен бірге Ғаламтор беттеріндегі басқа ойын сайттарына, банктерге, кредиттік карта компанияларына, сәйкес бақылаушы мекемелер мен құқық қорғау органдарына беруге құқылымыз.
Құмар ойын тәуелділігін алдын алу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды ұйымдастыру мен өткізу мақсатында сіздің мәліметтеріңіздің қажетті органдарға берілуі мүмкін.
ҚОЛЖЕТІМДІЛІК
Сіз келесі жолдармен қандай да бір жарнамалық хабарламаларды алудан «бас тарта» аласыз:
Өз аккаунтыңызда баптауды өзгерту арқылы;
Бізден алған жарнамалық хабарламаға жауап ретінде электронды хат жолдау арқылы;
Кез келген уақытта электронды хат немесе Клиенттерге қолдау көрсету қызметіне жазу арқылы;
Сонымен қатар келесі жағдайларда сіз бізбен кез келген уақытта хабарласа аласыздар:
Біздің қандай ақпарат жинайтындығымызды, өңдейтінімізді және сақтайтынымызды, сонымен бірге аталмыш ақпаратты қандай қор көздерінен алғанымызды білгіңіз келсе;
Сіз туралы тапқан жеке ақпараттың нақтылығын растағыңыз келсе;
Жеке ақпаратыңызды жаңартқыңыз келсе;
Сіздің Жеке ақпаратыңызды біздің қолданғанымыз туралы шағым түсіргіңіз келсе.
Егер сіз өзгерістердің қажеттігін дәлелдесеңіз және идентификациядан өтсеңіз, біз алынған кез келген ақпаратты жаңарта аламыз.
Ешқандай күмән қалдырмау үшін біз келесіні қосымша хабарлаймыз: Егер сіздің еліңіздің заңы бойынша біз қандай да бір мекемеге, не тұлғаға сіз туралы белгілі бір ақпаратты беруге міндетті болсақ, осы Құпияллық саясаты сіздің Жеке ақпаратыңызды беруге ешқандай шек қоя алмайды.
COOKIES
СІЗДІҢ ҚҰРЫЛҒЫҢЫЗДАҒЫ АҚПАРАТ
Сіз біздің қызметті пайдаланған кезде, біз сіздің рұқсатыңызбен сіздің құрылғыңызда белгілі бір ақпаратты сақтай аламыз. Бұл ақпарат COOKIES файлдары деп аталады. Бұл сіздің құрылғыңызда сақталатын және біздің Сервисті пайдаланған кездегі сіздің қалауларыңызды есте сақтап қалатын әріптері мен цифрлары бар шағын мәтіндік файлдар.
Біз сонымен қатар жергілікті (локалды) жалпыға ортақ объектілер немесе «flash cookie-н» пайдаланамыз. «Flash cookie» браузердің cookie файлдарына ұқсайды. Олар біздің Сервиске кірген кездегі сіздің қалауларыңызды есте сақтауға және бейне немесе аудиоконтентті ойнатуға қажетті мәліметтерді сақтауға көмектеседі.
Сookie де, «flash cookie» де сіздің құрылғыға қолжетімділік орнату үшін немесе сіздің электронды құрылғыңыздағы ақпаратты пайдалану үшін қолданыла алмайды.
Сookie және «flash cookie» файлдары тек қана бақылау үшін пайдаланылады. Біз бақылаудың бұл тәсілін сіздің қалауларыңызды есте сақтау арқылы сіздің Компанияның Сервисі пен қызметтерін пайдаланғаныңызды бақылап отыру үшін ғана қолданамыз.
Сookie-файлдары біздің Сервистегі сіздің трафигіңізді бақылап отыруға, Сервиске деген қолжетімділікті жеңілдетуге, сонымен қатар көрсетілетін қызметтің сапасын көтеріп, оған деген қызығушылықты арттыруға көмектеседі.
Біз cookie-ң flash және басқа да файлдарын сізге барынша қатысы бар және барынша қызықты болатын жарнамалық хабарландыруларды көрсету үшін пайдаланамыз.
МАҢЫЗДЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТІ COOKIES
Маңызды және міндетті cookie-ді біздің ақпараттық немесе ойын ресурстарымыздағы кез келген пайдаланушының сол ресурста ауысып тұруы, оның қауіпсіз аумақтарға қолжетімділігі немесе қаржы транзакцияларын жүзеге асыру секілді функцияларын пайдалану үшін қолданамыз. Сіз бұл cookie файлдарысыз біздің Сервисте тиімді жұмыс істей алмайсыз.
ТІРКЕЛУ ҮДЕРІСІ
Бұл cookie файлдары сіздің тіркелген кезде енгізген ақпараттарыңызды қамтиды; олар сізбен клиент ретінде жақсырақ танысып, сізді қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Біз бұл мәліметтерді, сонымен қатар сіздің қызығушылықтарыңыз бен Ғаламтордағы қалауларыңызды түсіну үшін пайдалана аламыз. Осылай сіздің Сервистегі әрекеттеріңіз жағымды әрі ыңғайлырақ бола түседі.
БІЗДІҢ САЙТ
Біздің Сервистің қонақтары үшін біз cookie файлдарын ақпарат жинақтау мақсатында пайдаланамыз.
Біздің серверлер cookie файлдарының үш түрін пайдаланады:
Уақытша «Cookie» – cookie-ң бұл түрі сіздің электронды құрылғыңызда Сервисті пайдалану уақыты аралығында сақталады. Мұндай сеанс негізіндегі cookie файлдары біздің Сервисте жылдамырақ ауысып тұру мүмкіндігін береді, және егер сіз тіркелген клиент болсаңыз, бұл файлдар сізге қажетті және орынды ақпарат беруге көмектеседі. Бұл cookie файлы сіз браузерді жапқан кезде автоматты түрде жойылады.
«Тұрақты» cookie файлдары – cookie файлдарының бұл түрі сіздің электрондық құрылғыңызда белгілі бір уақыт аралығында сақталады, әрі бұл уақыт әр дербес cookie файлы үшін жеке орнатылады. «Сookie flash» файлдары да сақталады.
«Аналитикалық» «cookie» – «cookie-ң» бұл түрі біздің Сервиске кірушілерді анықтап, олардың санын есептеуге және Сервисті қалай пайдаланатындығын көру мүмкіндігін береді. Бұл бізге Сервистің жұмысын жақсартуға көмектеседі, мысалы сіз бұның көмегімен оңай кіріп, қажет нәрсені тез таба аласыз. Келісіп, Сookie файлдарын қабылдау, немесе келіспей, сookie файлдарынан бас тарту – бұл тек сіздің таңдауыңыз және мұны әрқашан тек сіз шешесіз.
Сіз өзіңіздің веб-браузеріңізді келесі мақсатта қолдана аласыз:
Барлық cookie файлдарын жою;
Барлық cookie файлдарын бұғаттау;
Барлық cookie файлдарына рұқсат беру;
Бөгде cookie файлдарын бұғаттау;
Браузерді жапқан кезде, барлық cookie файлдарын тазарту;
Ғаламторды жергілікті мәліметтерді сақтамай пайдалануға мүмкіндік беретін «құпия көру»/«инкогнито» сеансын ашу;
Браузердің функцияларын кеңейту үшін баптаулар мен плагиндерді қондыру. Сookie файлдарын басқару ақпаратын қайдан табуға болады?
Flash-файлдарының қолданылуын алдын алу үшін, сіз Flash Player баптауларын өз бетіңізше өзгерте аласыз. Flash Player баптау менеджері сізге таңдау жасап, қалауларыңыз бойынша баптау жасауға мүмкіндік береді.
Егер сіз браузерде cookie файлдарының барлығын қабылдаудан толықтай бас тартсаңыз, өкінішке орай, сіз біздің Сервистің белгілі бір ресурстары мен қызметтерін пайдалана алмайсыз, ал кейбір функциялар толыққанды жұмыс істемейтін болады, мысалы, біз мұндай жағдайда сіз таңдаған интерфейс тілін сақтай алмаймыз.
ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТТЕР ЖЕТКІЗУШІЛЕРІН ПАЙДАЛАНУҒА КЕЛІСІМ
Сізге біздің Сервисте ойнау үшін, бізге қаражат жіберуге және қаражат алуға тура келеді. Осындай қызметтердің толыққанды жұмысын қамтамасыз ету мақсатында, қажетті қаржы транзакцияларын жүзеге асыру үшін, біз бөгде электронды төлемдер жүйесін пайдалана аламыз.
Осы Құпиялылық саясатымен келісе және қабылдай отырып, сіз өз еркіңізбен қаржы транзакцияларын өңдеуге және жүзеге асыруға қажетті жеке ақпаратыңызды үшінші тұлғаларға беруге келісесіз. Бұдан бөлек, бұл сіздің жеке ақпаратыңыздың қажет болған жағдайда, елден тыс аумаққа берілуімен де келісесіз дегенді білдіреді.
Біз бөгде төлем жүйелерімен істес болған кезде, сіздің құпиялылығыңызды қамтамасыз ететін тиісті шараларды қабылдаймыз.
ҚАУІПСІЗДІК ТЕКСЕРІСТЕРІН ӨТКІЗУГЕ КЕЛІСІМ
Сервисті пайдалану шарттарының және қолданыстағы заңнаманың бұзылуының мүмкін жағдайларын алдын алу мақсатымен, сіз қамтамасыз еткен тіркеу мәліметтерін растау, біздің қызметті пайдалануыңыздың дұрыстығын және қаржы транзакцияларын тексеру үшін, біз кез келген уақытта қауіпсіздік тексерістерін жүргізуге құқылымыз.
Біздің Сервис және қызметтерімізді пайдалан отырып, сіз біздің Ережелер мен Шарттарымызбен келісесіз, және бізге ақпаратты тексеру мақсатында, сіз тіркелу және біздің Сервис пен қызметтерді қолданған кезде көрсеткен жеке ақпаратыңызды пайдалануға және үшінші тұлғаларға, қажет болған жағдайда, шет елге жіберуге рұқсат бересіз.
Қауіпсіздік тексерістері қаржылық есептерді толтыру және сіздің бізден бөлек кез келген бөгде мәліметтер қорына берген жеке ақпаратыңызды растаудың басқа да жолдарын қамтиды, бірақ онымен шектеліп қоймайды.
ҚАУІПСІЗДІК
Біз қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен ақпарат құпиялылығын, тұтастығы мен қолжетімділігін сақтау үшін қолданылатын әдістердің маңыздылығын толықтай түсінеміз. Біз тікелей сізден алынған жеке ақпаратты біздің қауіпсіз желімізде шифрланған және құпиясөзбен қорғалған, белсенді, заманауи брандмауэр бағдарламалық қамтамасыз ету негізінде жұмыс істейтін дерекқорда сақтаймыз.
Біздің қызмет 128 битті шифрлаулы 3- SSL нұқасының демеуінде.
Біз сонымен қатар еншілес компаниялар, агенттеріміз, серіктестеріміз, үлестес тұлғалар мен жеткізушілеріміздің дәл осындай жарамды қауіпсіздік шараларын қолдануларына жағдай жасаймыз.
Дегенмен, Ғаламтор арқылы ақпарат жіберу әдетте толықтай қауіпсіз емес және біз ақпараттың жіберілуі кезіндегі қауіпсіздігіне кепілдік бере алмаймыз.
ЖІБЕРГЕН КЕЗ КЕЛГЕН МӘЛІМЕТТЕРІҢІЗДІ СІЗ ТӘУЕКЕЛГЕ БЕЛ БУЫП ЖІБЕРЕСІЗ.
Компанияда сіздің мәліметтеріңізді алғаннан кейін, оларды қауіпсіздігін қамтамасыз етудің барлық рәсімдері бар.
БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ
Біздің қызметіміз 18 жасқа немесе сіздің елдің заңнамасы бойынша кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаларға арналмаған.
Біздің Сервис немесе қызмет арқылы ақпарат жберген кез келген тұлға өзінің он сегіз (18) жасқа толғандығын растайды (немесе сіздің елде кәмелеттік жас болып саналатын кез келген жас)
Біздің компнаияның саясаты біздің Сервис пен қызметке қолжетімділік алғысы келген әрекеттерді анықтауды қамтиды. Бұл жағдайда қосымша қауіпсіздік талдауының өткізілуі талап етілуі мүмкін.
Кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаның біздің қызмет арқылы өзінің жеке ақпаратын бергендігі немесе беруге тырысқандығы белгілі болса, біз мұндай ақпаратты қабылдамай, дерекқорымыздан жоямыз.
ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ БӨЛІСУ
Біз жинақтаған кез келген жеке ақпарат біздің немесе біздің еншілес компаниялардың, жеткізушілердің, серіктестеріміз бен агенттеріміздің ойын қызметтері мен біздің ойын платформамыздың қызметтерін ұсынатын кез келген елде сақталып өңделуі мүмкін.
Дегенмен, біз агенттеріміз бен серіктестеріміздің, филиалдарымыз бен жеткізушілеріміздің олардың орналасқан аумағына тәуелсіз, біздің жалпы құпиялылық стандарттарымызды және нақты осы құпиялылық саясатымызды сақтағандарын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қолданамыз.
Біздің Сервис пен қызметімізді пайдалана отырып, сіз өзіңіздің жеке ақпаратыңыздың шет елге берілуімен толықтай келісесіз (құпиялылық пен жеке мәліметтерді қорғау туралы тиісті заңдары жоқ деп бағаланатын елдерді қоса алғанда).
ҮШІНШІ ТАРАПТАРДЫҢ ҚАТЫСЫ
Компания біздің қызметке, Сервиске немесе біздің серіктестік бағдарламамыздың қатысушысы (мүмкін болған жағдайда) болып табылатын басқа үшінші тараптардан немес бұдан басқа жолдармен алынған кез келген басқа ақпаратқа желеурететін бөгде онлайн-қызметіне беретін ақпаратыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды. Себебі бұл бөгде оналайн-қызметтер мен сайттар бізге тиесілі емес және бізге тәуелсіз.
Сақ болыңыз! Үшінші тараптардан жинақталған кез келген ақпарат осы тұлғалардың Құпиялылық саясатымен (бар болған жағдайда) реттеледі.
ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН ЗАҢДЫ ТҮРДЕ БАС ТАРТУ
Компания біздің тікелей бақылауымыздан тыс оқиғаларға жауапты емес.
Біздің технологияларымыз бен бизнес жүргізу әдістеріміздің жылдам өзгеріп отыру себебіне байланысты, біз жұмысты толық көлемде атқарғанымызбен, сіз біздің Сервисте орналасқан сілтемелер арқылы өткен басқа сервистерді пайдаланған кездегі жеке ақпараттың құпиялылығына қатысты ақаусыз жұмысқа кепілдік бере алмаймыз. Біздің бақылауымыздан тыс және оған қоса, осы Құпиялылық саясатына бағынышсыз Сервистер өздерінің құпиялылық саясатымен танысуға мүмкіндік берулері қажет. Егер сіз басқа сервистерге кірсеңіз, аталмыш сервис операторлары сіздің жеке ақпаратыңызды жинақтап, оны біздің құпиялылық саясатынан өзгешеленетін, өздерінің құпиялылық саясатына сәйкес қолданулары мүмкін екендігін білгеніңіз жөн.
Сақ болыңыздар! Біз сіздің мәліметтеріңіз байланыс каналдары арқылы жіберілу үдерісінде болғанда, олардың қауіпсіздігіне кепілдік бере алмаймыз.
ЖІБЕРГЕН КЕЗ КЕЛГЕН МӘЛІМЕТТЕРІҢІЗДІ СІЗ ТӘУЕКЕЛГЕ БЕЛ БУЫП ЖІБЕРЕСІЗ.
Біз сонымен қатар сіздің Жеке ақпаратыңыздың заңсыз қолданылуы немесе ұрлануына байланысты тікелей немесе жанама тиген нұқсан-залалға жауапты емеспіз.
ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІСІМ
Сіздің Компания Сервисі мен қызметін пайдалануыңыз осы Құпиялылық саясатымен ерікті түрде келісуіңізді және бізге сіздің жеке мәілметтеріңізді жинақтауға, өңдеуге және сақтауға құқық беруіңіз болып табылады.
Осы Құпиялылық саясатты электрондық қызмет жеткізушілерінің қызметін пайдалану шарттарымен, сонымен қатар біздің сервисте орналастырылған кез келген қосымша қолданылатын ережелер мен шарттарымен үйлестікте оқу қажет.
Біз осы Құпиялылық саясатына белгілі бір уақыт аралықтарында өзгертулер енгізіп тұрамыз және біздің Сервисте тиісті ақпарат жариялау арқылы бұл өзгертулер туралы сіздерді хабардар етіп тұрамыз.
Осы Құпиялылық саясатының кез келген өзгерістерінен кейін біздің қызметті пайдалануыңызды жалғастыруыңыз Сіздің аталмыш өзгертулерді сөзсіз қабылдайтындығыңызды білдіреді.
Бұл біздің 2022 жылдың 01 мамырына тиесілі толық әрі айрықша құпиялылық саясатымыз. Бұл саясат бұдан ерте қолданыста болған кез келген басқа нұсқаны алмастырады және тек клиенттің осы Ережелердің 1.1-тармағына сәйкес келісімге отыратын Компанияға ғана қолданылады.
Құпиялылық саясатта орын алған маңызды өзгертулерден хабардар болу үшін, біз сізге аталмыш саясатты ұдайы қарап отыру кеңесін береміз.